Қарағанды облысында төртінші кеншінің мәйіті табылды

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған өрт салдарынан жоғалып кеткен тағы бір кеншінің денесі табылды.

Ол жерасты электр шебері болып жұмыс істеген 1994 жылғы азамат. Осыған дейін құтқарушылар 3 кеншінің мәйітін жер бетіне шығарған болатын. Қазір із-түзсіз кеткен тағы бір кенші іздестіріліп жатыр. Айта кетейік апат кезінде жер астында жұмыс істеп жатқан 227 кеншінің 222-сі дереу эвакуацияланды. 5 кеншімен байланыс үзілген болатын.