Алматы облысында полиция қызметкерлері балаларды құтқарып қалды
Алматы облысында полиция қызметкерлері суға аққан екі баланы құтқарып қалды.
Оқиға Ават ауылы маңында, Талғар өзенінде болды. Жағада ойнап жүрген 12 жастағы 2 ер баланы тасыған су ағызып әкетеді. Мұны байқап қалған тұрғындар дереу полицияға хабарлайды. Учаскелік инпекторлар Нұрлан Танабаев пен Қайрат Еркінов шұғыл жетіп, суға кеткен балаларды құтқаруға кіріседі. Бұл уақытта балардың бірі өзен ортасындағы дөңеске шығып көмек күтеді. Ал екінші баланы су ағызып әкетеді. Инспекторлар қауіпке қарамастан суға түсіп, баларды аман-есен алып шығады. Қазір бір бала ауруханада жатыр. Екіншісі үйіне жіберілді. Жағдайы жақсы.
Қайрат Еркінов, полиция аға лейтенанты:
- Бір баланы жоғары жақтан шығардық. Екінші баланы осы жерден шығардық. Иә қауіпті болып тұрды. Бір баланы шығардық та осы жерден. Дене жарақаттары болды баланың. Дереу жедел жәрдем шақырып, ата-анасын шақырып жедел жәрдемге салып жібердік.
Салтанат Асанова, баланың анасы:
- Дер кезінде жетіп келді. Құтқарып, судан шығарып алды арқандарымен. Өзідерінің үстілері балшық болып кеткен ғой. Рахметімді айтамын, алғысым шексіз. Енді бұндай жағдай басқа қайталанбайды деп ойлаймын. Демалыста барып қалған ғой суға.