Қарағанды облысында бесінші шахтердің мәйіті табылды
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" кен орнында болған өрт салдарынан жоғалған бесінші кенші де табылды.
Өкінішке орай, ол да марқұм болыпты. "АрселорМиттал Теміртау" таратқан ақпаратқа сүйенсек, кенші компанияда 4 жыл жұмыс істеген, 1996 жылғы азамат. Жалпы апат салдарынан қаза тапқан кеншінің ең жасы да осы марқұм. Ал ең егде тартқаны 1965 жылы туған. Ол осында 40 жылға жуық жұмыс істепті. Еске салсақ, 17 тамыз күні 227 адам жұмыс істеп жатқан "Қазақстан" шахтасындағы Д-6 конвейрінде таспа отқа оранып 222 адам құтқарылды. Тағы 5 кенші жоғалып кеткен болатын. Кейін құтқарушылар олардың мәйітін тауып, жер бетіне шығарған. Қазір ондағы өрт сөндіріліп жатыр. Апат салдарынан 13 кенші ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайға не себеп болғанын арнайы тағайындалған комиссия анықтайды. Осы іске қатысы қылмыстық іс қозғалған.