БҚО-да Қырғызстаннан әкелінген бір миллиард теңгенің темекісі тәркіленді
Батыс Қазақстанда жалпы құны 967 млн 500 мың теңгеден жоғары 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдері тәркіленді.
Ірі партия ішінде алкоголь өнімдері де бар. Заңсыз өнім Қырғызстан Республикасынан тасымалданып, Орал қаласында сақталып сатылған. Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығынан айырды. Тағы бір айыпталушы 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- БҚО төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған. Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр. Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады.