Отырар ауданында 11 адам суға кетті
Бүгін кешкісін Түркістан облысының Отырар ауданында 11 адам суға кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Шәуілдір-Көксарай бағытындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Өзен жағасына шомылуға барған 20 адамның 11-і суға түсуге арналмаған жерде суға батып кеткен. Белгілісі, шомылуға барғандардың 13-і ересек, 8-і жасөспірім. Қазіргі уақытта 6 адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Олардың 5-еуі ересек, 1-еуі жасөспірім. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеуде. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.