Өзен жағасын бекітуге артығымен жұмсалмақ болған ақша әшкереленді
Бадам өзенінің жағасын бекітуге 5 миллиард теңге артық жоспарланған.
Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады.Құзырлы мекеме ақшаны еш байқау өткізбей-ақ белгілі компанияға аудармақ болған. Енді қайтадын ашық конкурс өтуі тиіс. Оған лауазымды тұлғалар қатыса алмайды. Сондай-ақ үлкен магистралды арна мен «Сасық-1» каналына осындай заңсыз әдіспен ақша бөлу әрекеті де анықталды. Бұған жол бергені үшін басқарманың бұрынғы басшысы жауапқа тартылды. Мемлекеттік ішкі аудит департаменті аталған екі арна бойынша жасалған келісімдерді заңсыз деп тану жөнінде сотқа талап-арыз түсірді.
Жандос Жұмабаев, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары:
- Жасалған жұмыстың аясында тиісті ақпаратты, ұсынысымызды жергілікті атқарушы органға жолдап, осы барлық заңға қарама-қайшылық және басқа да жасалған жұмысты тоқтаттық. Қазіргі кезде тиісті осы бағыттағы басқарма және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бұл жасалған жұмыстарды ашық конкурсқа шығарады. Одан кейін бұл жерде біздің басқа да жергілікті кәсіпкерлер, басқа да Қазақстанның кәсіпкерлері пайда көру, сол ғой енді қаражат табу, сол жағынан да атсалыса алады.