Отырар ауданында суға кеткен 10-шы адамның денесі табылды
Түркістан облысының Отырар ауданында суға кеткен 10-шы адамның денесі табылды.
Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім. Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Бүгінде суға батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды. Қазір тілсіз жаудан аман қалған 9 жастағы қыз бала мен 8 жасар ұл аудандық ауруханада жатыр. «Дене қызуы көтерілгенімен, жағдайлары қалыпты», - дейді дәрігерлер. Іздестіру жұмыстарына 150 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы жұмылдырылған.