Алматыда 7 адамды көлік қағып кетті
Алматыда аялдамада тұрған 7 адамды жеңіл көлік қағып кетті.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші темір тұлпарын басқара алмай қалған. Апат Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болды. Зардап шеккендердің екеуі жасөспірім. Олар балаларға арналған шұғыл көмек көрсету орталығының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Тағы 5 адам жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілген. Ал екі адам ауруханада ем-шара қабылдайды. Дәрігерлер «олардың жағдайы орташа ауыр», - дейді.
Ермек Желдібаев, қалалық ЖШККА директорының хирургия ісі жөніндегі орынбасары:
- Көмек көрсетілді. Ем қабылдап жатыр. Жатқызылған науқаста қосарланған бас-ми жарақаты және балтыр сүйегінің сынуы. Балтыр сүйегінің сынығына енді ота жасалады. Екіншісіне консервативтік ем жасалады. Онда да политравма. Жамбас сүйегінің сынығы. Ығысу болмаған, сондықтан консервативті ем жасалады.