Е. Қоспаев бастаған қылмыстық топ ұсталды

Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды.

Халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер Солтүстік Кипрде жасырынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің опреациясы нәтижесінде бүгін олар Астанаға жеткізілді. Елдос Қоспаев құрған қылмыстық топқа рейдерлік жасады, кәсіпкерлерді қорқытып-үркітті, көлеңкелі бизнеспен айналысты деген бірқатар ауыр айып тағылған.