Қызылорда облысында 2 бала газдан уланды
Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде 2 бала газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қайғылы оқиға бүгін таңсәріде Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болды. Болжам бойынша 3 және 6 жасар балалар табиғи газға тұншыққан болуы мүмкін, - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Жандос Мампаев, Шиелі аудандық ТЖД бөлімінің бастығы:
- Қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын жобасымен жүргізіп қойды. Сырттан келген газдан «утечка» жоқ деп жатыр. Сол пештен болжаммен деп жатыр. Аудандық полиция бөлімімен тергеу амалдары жүргізілуде.