Жетісу облысында екі баласын 2 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды
23 жастағы Панфилов ауданының тұрғыны жаңа туған нәрестесін бір перзентке зар болып отырған өзге отбасына 1 млн теңгеге берген.
Кейін бұл келіншектің былтыр да бір жастағы ұлын өзге бір отбасыға 1 млн теңгеге сатқаны анықталды. Қылмыстық істе арада делдал жүрген. Бала алушы ретінде 4 азамат күдікті болып отыр. Жалпы елде биылдыққа адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс ашылған. Оның ішінде жиі кездесетіні; еңбек құлдығында ұстау, адам ағзасын саудалау және жезөкшелікпен айналысуға күштеп мәжбүрлеу деректері бар.
Меруерт Морякова, Жетісу облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- ҚР қылмыстық кодексінің 135-бабы кәмелетке толмағандар саудасы бойынша әйелге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды. Ал балалардың екеуі де асырап алған ата-аналарының қолында.