Жетіжарда төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті тұрғын сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Одан жедел сынама алынды. Бірақ кесел әлі зертханалық түрде расталған жоқ.
Қазір ауылдың кіреберісіне санитарлық бекет орнатылған. Елді мекеннен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Жағдайдың себептерін анықтау үшін ревизиялық жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ержан Барышев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Бүгінгі күнде сол келіп түскен хабарлама негізінде ветеринарлық бағытында облыстық ветеринария басқармасы және де аудандық ветеринарлық станция, сонымен қатар облыстық Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарымен аурудың шығуын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде барлық мал бастары клиникалық тексеруден өткізіліп жатыр және де күнделікті жергілікті ветеринарлық мамандардың бақылауында.