Петропавлда өрт кезінде 3 адам мерт болды
Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды.
Қызыл жалын 20 жастағы келіншек пен 2 баланың өмірін жалмады. Оның бірі 5 жаста, екіншісі, 1 жасар сәби екені белгілі болды. Төтенше жағдай кеше, кешкісін болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, баспана өртеніп жатқан. Болжам бойынша от электр сымдарының қысқа тұйық-талуынан болған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері, жерлеу рәсімін өз мойнына алып отыр. Мұнымен қоса, қайғыдан қан жұтқан отбасыға, уақытша пәтер жалдауға және басқа да қажеттіліктеріне деп, қаржылай көмек көрсетеді. Биыл өңірде 448 өрт оқиғасы тіркеліп, 23 адам қаза тапқан.
Назымбек Елемесов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
- Күйеуі жұмыстан кейін ұйықтап жатқан. Келіншегі оятқан, үйімізде түтін деп. Сол кезде ол балаларына- келіншекке айтып қасымда тұрыңдар, мен қазір терезені жарып далаға шығамыз деген. Терезені жарғанша әйел балалармен веранда жаққа шығып кеткен. Ол терезені жарып, арттарынан барған, ал веранда толығымен отқа айналған. Оларды шығара алмай, өзі шығып аман қалды.