1 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған адам Түркиядан экстрадицияланды
Заң бұзған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды.
Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырды деп күдікке ілігіп, 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Бас прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, айыпты Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.