Таразда «The Finiko» қаржы пирамидасы әшкереленді

Тараз қаласының аумағында «The Finiko» қаржы пирамидасын құру фактісі әшкереленді.

Ұйымдастырушылар заңсыз жолмен салымшылардан қаржы жинап, кейіннен кірісті қатысушылар арасында бөліп отырған. Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- 2021 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «The Finiko» жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізілуде. «The Finiko» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұраймыз.