ШҚО-да шахтадағы апат себебі тексеріліп жатыр
Ертіс кенішінде топырақ басып қалған екінші жұмысшы шахтадан шығарылды.
Оны апат медицинасының дәрігерлері қарсы алып, алғашқы көмек көрсетті. Қазір ол Глубокое аудандық ауруханасына жеткізілді. Үйінді астынан қазып алынғанымен, оны жер бетіне бірден көтеру мүмкін болмаған. Себебі аяғын темір қысып қалған.
Оқиға бүгін таңғы сағат 4:00-де болды. Үңгушілер жұмыс істеп жатқан жер опырылып, 2 жұмысшы үйінді астында қалған. Қазір апаттың себебі тексеріліп жатыр.