ШҚО-да үйінді астында қалып қойған кенші жансақтау бөлімінде жатыр
Ертіс кенішінде үйінді астында жеті сағат жатып қалған кенші қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Аяғын темір жаншып тастаған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Естеріңізге салсақ, кеше Глубокое ауданындағы шахтада екі жұмысшы топырақ астында қалып қойған еді. Біреуі өз күшімен шыққан, екіншісі біраз уақыт үйінді астында жатып қалды. Аяғы темірге қысылып, құтқару операциясы күні бойы созылды. Кеше кешкісін кенші шахтадан шығарылып,облыстық ауруханаға жеткізілді.