Оралдағы бөбекжайда күйіп қалған баланың жағдайы ауыр
Оралдағы «Балбөбек» мемлекеттік балабақшасында сорпаға күйіп қалған үш жасар қыздың жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.
Ол аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Дәрігерлердің айтуынша, баланың беті, кеуде тұсы мен аяғы күйген. Есін біледі, тамақты өз бетінше ішеді. Бірақ әлі біраз уақыт ем қабылдауы тиіс. Оқыс жағдайдан кейін балабақшаның меңгерушісіне қатаң сөгіс берілді. Ал тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан шығарылды. Тергеу жүріп жатыр.
Болат Әлібаев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- ІІ, ІІІ дәрежелі күйік. Көлемі 20-25 пайыз деңгейде. Ауырсынуға қарсы, интенсивті шокқа қарсы емдерін қабылдауда. Жаралары күнделікті байланып, танылып жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты ауыр. Екі-үш аптадан бастап, бір айға дейін созылатын ем ғой.