Зайсанда моншаның жылу қазандығы жарылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ресми мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға кезінде моншада адам болмаған. Қазір мамандар жартылай қираған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатыр.