Абай облысы Аягөз қаласындағы оқыс оқиғадан 4 бала қаза тапты
Абай облысы Аягөз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ балоны жарылып, 4 бүлдіршін көз жұмды.
Оқиға кеше таңғы сағат 10-дар шамасында болды. Алты адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу оқиға орнына жетіп, өртті шамамен 30 минутта оқшаулаған. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалып, Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккен отбасының басқа да мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.