Қарағанды облысында күйдіргі жұқтырған бір адам қайтыс болды
Қарағанды облысының Топар кентінде күйдіргі (сібір жарасын) жұқтырған үш адамның біреуі қайтыс болды.
1948 жылы туған ер адам. Дәрігерлер науқас ауруханаға кеш қаралғандықтан және бірқатар қосымша ауруы болғандықтан жанын алып қалу мүмкін болмады деп отыр. Қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бақылауда. Еске салсақ, кеше Топар кентінде ауырған ірі қараны сойып, етін жеудің салдарынан 3 адам сібір жарасын жұқтырған еді. Кентте карантин жарияланып, кіріп-шыққан көліктер бақылауға алынған. Ет, сүт өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды.