Костенко шахтасындағы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Аталған оқиға бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері енді. Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіреді.
Сондай-ақ Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы оқиғаға байланысты Жедел желі іске қосылды. Нөмірлерді назарларыңызға ұсынамыз: 8 7172 70 41 08, 8 7172 49 72 70, 8 7172 51 72 23