Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың саны
Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың саны 35-ке жетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 29 марқұмның денесі жер бетіне шығарылды. 11 кенші әлі іздетіріліп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының» бөлімшесі де жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр.