Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың саны 38-ге жетті. LIVE
Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың саны 38-ге жетті.
Қазір құтқарушылар жарылыс аумағын түгел аралап шықты, бірақ 8 кенші әлі табылмады.
Бекзат Аманов, тілші:
- Құтқарушылар 38-ші адамның денесін тапқанын мәлімдеді. Бірақ оның сүйегі әлі шығарылмады. Әзірге 37 мәйітті шығарып үлгерді. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары айтты. Қазір іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Иә, расымен, құтқарушылар жарылыс аймағын түгелдей аралап шыққанын айтты. Бірақ 8 адамды іздеу әлі жалғасып жатыр. Олардың қайда болуы мүмкін екенін жауаптылардан сұраған едік.
Геннадий Силинский, кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі ҚОФ директорының орынбасары:
- Құтқарушылар апат болған аймақты түгел аралап шықты. Табылмаған 8 адам көмір таситын конвейрдің астында қалуы мүмкін. Оны қазір анықтап жатырмыз. Өрт толық оқшауланды. Құтқару жұмыстарына жарылыс салдарынан туындаған үйінділер кедергі келтіріп тұр.
Ең алдымен, қауіпсіздікті қатаң ұстауға басымдық беріледі. Бұл туралы Вадим Басин айтты. Алайда меншік иесі ауысса да, жұмысшылар алдындағы міндеттемелер еш өзгермейді. Еңбекақы төлемі мен әлеуметтік кепілдіктер толық сақталады. Жергілікті мамандар еш алаңдамаса болады, - дейді жауаптылар.
Вадим Басин, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары:
- Жұмыс жағдайы, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерде еш өзгерістер болмайды. Барлығы сақталады. Тіпті жақсара түседі десек те болады. Бұл – компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен ары қарай жұмыс істеуі үшін қажет дүние. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, барлығының да құқығы сақталады.