Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жетті
Төтенше жағдайлар министрі шахтаға түсіп, өрт және кеншілер опат болған аумақта тексеріс жүргізді.
Сырым Шәріпханов қазір Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы екенін айта кетейік. Осы уаққа дейін 45 кеншінің сүйегі табылды. Енді қалған 1 адамды іздеу жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстары 2 өндірістік аумақты қамтиды. Екі аралық шамамен бір-бірінен 6 шақырымдай қашықта орналасқан.