Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР ТЖМ СТӘЭ ЖШС хабарлайды.
08 қараша күні 00 сағат 09 минут 48 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Магнитудасы: 6,1
Тереңдігі: 15 км.
Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында сезілген.