Жамбыл облысында 48 адам мектептегі астан ұшынып, ауруханаға түсті
Жамбыл облысы Байзақ ауданында балалар мен ересектер жаппай уланды, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасына 48 адам келіп түскен.
Олар мектеп асханасында түскі ас ішкеннен кейін уланған.
Оның 35-і ауруханаға жатқызылды. Екеуі ересек, қалғаны балалар.
— Негізінен 7-10 жасар балалар келіп түсті. Бәрі Байзақтағы Н. Киікбаев атындағы орта мектептің оқушылары. Зардап шеккендерге «жіті тамақ токсикоинфекциясы» диагнозы қойылды, деп түсіндірді ведомстводан.
Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.
Инфекционист, педиатр, токсиколог, реаниматолог-анестезиолог мамандар бүкіл диагностикалық және емдеу шараларын жасап жатыр.
— Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР бас инфекционисімен консультация жүргізіледі. Жағдай тұрақты, бәрі облыстың денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі.