БАҚ: Экс-министр Қуандық Бишімбаев қамауға алынды
Әлеуметтік желіде Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғаны жайында ақпарат тарады.
Мән-жайды сұрап Астана қалалық полиция департаментіне хабарластық. "Қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал туындап, салдарынан бір әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр" делінген ресми мәлімдемеде. Бұл мәселені біз назарда ұстаймыз. Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2016 жылы Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Ол 2018 жылы наурыз айында аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды. Бірақ араға бір жыл салып шартты түрде босатылды.