Шымкентте адам бопсалаушылар ұсталды

Шымкентте жергілікті кәсіпкерлерге ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы көрсеткен бопсалаушы топ ұсталды.

Олар күш қолдану арқылы өзгелердің BMW және ВА3-2114 көлігін тартып алған. Заңсыздыққа барғандардың көбі бұрын сотталған болып шықты. Полицейлер арнайы операция барысында 10 адамды бөлімшеге жеткізіп, 4-еуін қамауға алды. Тінту барысында бірнеше қару-жарақ пен оқдәрі, өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.