Жамбыл облысында оқушылардың астан ұшынуының себебі анықталды
Жамбыл облысында оқушылардың астан улануына, тағамнан табылған «стафилококк» бактериясы себеп.
Ал аталған бактерия үш бірдей аспаздың тазалық сақтамауы салдарынан мектеп асына түскен. Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осындай қорытындыға келді. «Қазір аспаздар жұмыстан уақытша шеттетіліп, ем қабылдауда. Эпидемиологтар асханадағы тағамдар талапқа сай сақталмай, тамақ дайындау технологиясы бұзылған», -дейді. Талдама жүргізген мамандар 12 түрлі астан ішек таяқшасын тапты. Енді қызметкерлердің қайсысы кінәлі екенін құзырлы орган анықтамақ. Анығы сот кәсіпкерді айыпты деп тапса, оған 1,5 млн теңгеден аса айыппұл салынады. Еске салайық, екі апта бұрын Байзақ ауданы, Киікбаев гимназиясының 60-тан аса оқушысы астан ұшынған болатын.
Салтанат Әлібаева, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Микробиологиялық зерттеудің 24 сынамасын алсақ, оның 12-сі оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар жұмысшыларға 12 зертеу жүргіздік. Оның үш жұмысшысында да оң нәтиже көрсетті. Сол асханада жұмыс істейтіндер. 80 шайындының 14 шайындысында бактериялық ішек таяқшалары анықталды.