Астанада 17 жастағы жеткіншек суға кете жаздады
Кеше ол Ақбұлақ өзенінде қатпаған мұздың үстіне шыққан.
Ал ол опырылып кеткен. Абырой болғанда жеткіншекті оқиға куәгері құтқарып алған. Қазір зардап шеккен ауруханаға жатқызылып, ем-дом шараларын қабылдап жатыр. "Осы ретте құтқарушылар су айдындардағы мұз адамның салмағын көтере алатындай етіп қатпағанын ескертеді. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Әсіресе, балаларға ерекше назар аударған жөн", - дейді мамандар. Өткен күзде еліміздің су айдындарында көлікпен мұз үстіне шығуға тырысқан кезде 12 адам мұз астына түсіп, оның 3-еуі қаза тапқанын да айта кеткен жөн.