Ақмола облысында жұмыртқа тиеген жүк көлік аударылып қалды
Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі көктайғақта аударылып қалды.
Жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Рузаевка» арасында болған. Жергілікті полиция департаментінің мәліметі бойынша, көлікте 324 мың дана жұмыртқа болған. Соның 10 пайызы бүлінді. Шығын сақтандыру есебінен төленеді дейді мамандар. Жалпы аймақта ауа-райының күрт нашарлауына байланысты соңғы аптада 20-ға жуық жол апаты болған.
Уәлихан Жүнісбеков, полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:
- Көктайғақ кезінде жолға құм себілбегені белгілі болды. Бірақ соған қарамастан «вольво» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Жүргізуші Ақтөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол жүкті Астанадан Ақтауға апара жатқан. Қазір оның жағдайы жақсы. Жалпы көлікте 90 қорап жұмыртқа болған. Соның 10 пайызына залал келді.