Криптовалютамен заңсыз айналысқан адам ұсталды
Қаржы мониторингы агенттігі криптобиржадан заңсыз жолмен 95 млн теңге табыс тапқан Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады.
Соңғы мәлімет бойынша ол 2020-2023 жылдар аралығында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 205 мың АҚШ долларына тең криптовалюта түсімдерін алған. Электрондық активтер айналымын жүзеге асыруға рұқсаты болмаған азаматқа қатысты, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Күдікті тұлға «BINANCE» биржасында сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған. Сотқа дейінгі тергеу тіркелді.