Қазпоштада 270 млн теңгеден астам қаржының ұрлығы анықталды

Қазпоштада 270 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Бұл жөнінде ұлттық оператордың өзі мәлімдеп отыр. Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, қазір компанияда ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бір анығы биыл бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңге болатын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған. Барлығы Қазпоштаның 7 аймақтың филиалында 11 қылмыстық іс тіркелген. Заң бұзушылық деректер қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау мен күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.