Алматыда 500-ге жуық көшетті тамырымен жұлып алған бұзақылар ұсталды
Алматыда 500-ге жуық көшетті тамырымен жұлып, бел ортасынан сындырған бұзақылар ұсталды.
14 қазан күні полицияға Солтүстік айналма көшесінің бойына отырғызылған жасыл желектерді қасақана жоюға қатысты арыз түскен. Тергеп тексеру барысында осы іске қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Бірі 38 жастағы Жетісу облысының тұрғыны. Ол бұған дейін есірткімен ұсталып істі болған. Екінші азамат 31 жаста. «Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың нақты себебі тергеу барысында анықталады»,-деді полиция. Алып шаһар Алматы үшін экологияны жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасыл желектерді күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінеді.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
- Жапырақты көшеттерді заңсыз жойған екі азамат анықталып, олар ҚК 340-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда екі сезікті өз кінәларын толық мойындауда. Жасаған іс-әрекеттерінің нақты себептері анықталып, қазіргі таңда материалдық шығынды өтеуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.