Түркістанда жоғалған баланың денесі табылды
Түркістанда 3 күн бұрын жоғалған баланың денесі көрші үйдің кәріз құдығынан табылды.
Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың мәлімдеуінше, бүлдіршіннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Еске сала кетсек, 1 желтоқсан күні кешкісін 4 жасар бала аулаға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Әкесі дереу полицияға хабарласады. Іздеуге полицияның жеке құрамы мен құтқарушылардан бөлек, мыңға жуық адам ерікті қатысты. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қызметтік-іздестіру иттері тартылды.
Бағланбек Айтбаев, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Баланың фотосуреті БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланды. Баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оқиғаға бей-жай қарай алмаған азаматтар көмек көрсетті. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән жайы анықталуда.