Қарағандыда ер адам екпеден кейін көз жұмды
Қарағандыда екпе салдырған 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазір сот медициналық сараптамасымен қатар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары тексеру жүргізіп жатыр. Ол үшін елдің өзге облыстарынан тәуелсіз мамандар шақыртылған. Марқұмның туыстарының сөзінше «ЦЕФ-3» және «новокаин» препараттарына аллергиясы бары айтылғанына қарамай, екпе жасалыпты. Салдарынан ешқандай асқынусыз, тік ішекке жоспарлы операция жасатуға келген азамат тіл тартпай кеткен. Оның артында жары мен 3 баласы қалды.
Ардақ Бейсова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚОФ бас маманы:
- Ота кезінде асқынулар болмау үшін және профилактикалық мақсатта науқасқа 1 дозалық ЦЕФ-3 дәрілік заты тағайындалады. Бірақ оның алдында отадан бұрын тері ішілік сынама жасалады. Оның қортындысы бойынша ол теріс болып бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦЕФ-3 дәрісі салынған. Сот медициналық сараптамасының болжамы бойынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған.