Елордада аялдама әйнегі ерлі-зайыптының үстіне құлады
Елордада дүлей дауылдан аялдама әйнегі ерлі-зайыптының үстіне құлады.
Салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алматы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, оларға қазір ем көрсетіп жатыр. Енді аялдаманы жасаған мердігер ұйымға қатысты тергеу жүргізіледі. Сондай-ақ, онымен шартты бұзу мәселесі де қарастырылуда. Кәсіпкер өз есебінен аялдаманы қайта қалпына келтірді, зардап шеккендерге де өтемақы төлейді.
Айжан Ақай, Алматы ауданының әкімі аппаратының баспасөз хатшысы:
- Екі адам зардап шегіп, ер адам оң жақ жамбас мойынының жабық сынуымен №1 көпбейінді қалалық ауруханаға политравма бөліміне жатқызылды. Ал әйел адам тексеріліп, оған қажетті көмек көрсетілді және амбулаториялық емдеуге бағытталған болатын. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанына дейінгі мерзімде мердігерлік ұйымның есебінен аялдама кзеніне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Мердігерлік ұйым зардап шеккен адамдарға өтемақы төлейтін болады.