Көктайғақ: 362 адам дәрігер көмегіне жүгінді
Астанада өткен тәулікте көктайғақта мертіккен 362 адам дәрігерге жүгінген.
Оның ішінде 59 бала бар. «Дені тобығын шығарып, білегін сындырған. Бұдан бөлек жамбас сүйегі мен иығын жарақаттап алған ауыр жағдайлар бар», - дейді дәрігерлер. Травматологиялық пунктке келген 29 науқас ауруханаға жатқызылып, операция жасалды. Қазір ауа райы құбылмалы болғандықтан дәрігерлер тұрғындарды далада аса сақ болуға шақырады.