Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды
Ел бойынша іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингінде айтылды.
Сонымен қатар тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған 557 адамның әрекеті әшкере болды. Бұл заң бұзушылықтар соңғы 10 күн бойы елімізде жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында анықталды. Профилактикалық жұмыстар аясында 2657 қылмыстің ізі суымай ашылды. Сондай-ақ кісі өлтіру бірқатар қарақшылық, ұрлық-қарлықтың жолы кесілді.
Алмасхан Садыханов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:
- Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайларды аралау жүзеге асырылды. Бұдан басқа 181,5 мың әкімшілік анықталды. Құқық бұзушылықтар, оның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша 92,5 мың, жол қауіпсіздігі бойынша 88,9 мың анықталды.