₸253 млн жымқырған кәсіпкер сотталды
Қарағанды облысында 250 миллион теңгеден астам инвестициялық субсидияны жымқырған азамат ұсталды.
Бұл қаражат негізінен күн батареясының жиынтықтарын сатып алуға бағытталған. Алайда күдікті шаруа қожалықтарының атынан жалған құжат жасап, жоғары бағамен субсидия алуға өзі өтініш беріп, ақшаны өз қалтасына басып отырған. Сот үкіміне сәйкес азамат кінәлі деп танылды.
Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-Тергеу 2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.