Жамбыл облысында 30 елді мекен жарықсыз қалды. LIVE
Жамбыл облысында қарлы боранның салдарынан 32 елді мекен жарықсыз қалды.
Дүлей дауыл 4 аудандағы электр желілері үзіліп, бағаналарды құлатқан. Салдарынан 9000-ға жуық абонент жарықсыз отыр. Олардың басым бөлігі Қордай және Шу аудандарында. Қазір қалпына келтіру жұмыстарымен 23 бригада айналысып жатыр.
Ал теміржолда кептеліп қалған 11 жолаушылар пойызы қайта жолға жіберіле бастады. Әзірге тек 4 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Оларда 2000-ға жуық жолаушы бар. Жергілікті билік жолда қалған жолаушыларды мектеп мәдениет үйлері сынды әлеуметтік нысандарға орналастырды.
Кеше 5000-ға жуық адам қар құрсауынан құтқарылды. Олардың 181-і – балалар. Жамбыл облысы әкімнің орынбасарымен тікелей байланысқа шығып, мән-жайды сұрап көрейік.