Түркістан облысында 19 мың абонент жарықсыз қалды
Ауа райының аяқасты құбылуына байланысты Түркістан облысындағы жолдар әлі толық ашылған жоқ.
Бұрқасын боран салдарынан өңірдегі 12 облыстық және 1 республикалық маңызы бар жол жабылған. Мамандардың айтуынша, қазір өңірдегі барлық жолдар қардан толық тазартылған. ТЖД басшылығы республикалық автомагистраль толық тазаланбайынша, жолды ашуға рұқсат жоқ екенін жеткізді. Қазір облыс аумағындағы республикалық жолда тұрып қалған 630 көлік пен 1250-дей адам бар. Олар жылу пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтылған. 12 және 14 желтоқсан аралығында болған қатты желден Кентау қаласындағы 10 нысанның шатыры мен терезелеріне және сыртқы қаптамаларына зақым келді. Бәйдібек, Сауран, Ордабасы және Түлкі-бас аудандарында электр қуаты сөніп, 19 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды.
Асхат Ержанов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда 10 453 мың абонент қуат көзіне қосылды. Қалған 8 мың 229 абонентті электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бір қала және 2 ауданда ауыз сумен қамту тоқтады. Кентау қаласы, Сауран, Түлкібас аудандары. Жалпы 23 мың 143 абонент. Қазіргі таңда Кентау қаласы 17 мың абонент су көзіне қосылды. Қалған екі аудан бойынша жөөндеу жұмыстары жалғасуда.