Автобус апатынан зардап шеккендердің жағдай қалыпты
Алматыда автобус апатынан зардап шекендердің жағдайы тұрақты.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
36 жастағы автобус жүргізушісі, ми жарақаты диагнозымен нейро-хирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты - дейді дәрігерлер.
Ал 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылған.
Тағы бір 55 жастағы ер адамға ми жарақаты, мидың жеңіл соғылуы диагнозы қойылды.
Өткен жұма күні кешке Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған жолаушы сол түні қамауға алынды.
Ильдар Құрмаев, №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
- 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оң динамика байқалады. Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, ми соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты консервативті ем қабылдап жатыр. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі.