Қостанай облысында боран үйдің шатырын ұшырды
Қостанай облысында ақтүтек боран тұрғындарды әбігерге салды.
Мектептерде сабақ тоқтатылып, жолдар жабылды. Табиғаттың оқыс мінезінен қала ішінде жүрудің өзі қиындады. Көшеде көліктер соқтығысып қалып жатыр. Лисаков қаласында қатты жел орталық алаңдағы шыршаны сұлатып салса, Тобыл қаласында 4 қабатты үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тек үйге жақын тұрған 4 көлік зақымданды. Қауіпсіздік үшін оқиға орны қоршалып, құтқарушылар мен полицияның бақылауына алынды.
Захар Комаров, Тобыл қаласының әкімі:
- Бұл үйде 32 пәтер бар. Олардың ешқайсына зақым келген жоқ. Қауіпсіздік мақсатында ғимарат электр қуаты мен газдан уақытша ажыратылды. Ақаулар жөнделгесін қайта қосылады. Шатырды да көп ұзатпай қалпына келтірудің жолдарын қарастырып жатырмыз.