Оралда өрт болды

Оралда түнгі 2-де өрт болды, деп хабарлайды 24KZ.

2 қабатты дәмхана ғимараты отқа оранған. Нысанның 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метрі жанып кеткен. Тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталды. Қазір үйіндіні аршу жұмысы жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.