Таразда жастар басқармасының бұрынғы қызметкері бәс тігуден 500 миллион теңге ұтылған
Таразда жастар басқармасының бұрынғы қызметкері бәс тігіп 500 миллион теңге ұтылған.
Ділмұрат Хамрақұлов құмар ойынға ақша алу үшін туыстары мен достарын өтпейтін тендерге қатысуға үгіттеген. Оған сенген жақындары 200 миллион теңгеден астам ақша мен 2 пәтерін сеніп тапсырған. Қалалық прокуратура мамандарының мәліметінше, алаяқ алдымен аз қаржы алып, оны үстемесімен қайтарып отырады. Осындай жүйемен 2 жылда 15 тұрғынды алдап соққан.
Аяла Құдайберген, Тараз қалалық прокуратурасының аға прокуроры:
- Ділмұрат Хамрақұловқа «аса ірі көлемде алаяқтық жасаған» деп айып тағылды. Сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында барлық қызметпен айналысуға тыйым салынды.