«Майқайыңалтын» кен орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда
Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып, жер опырылып жұмысқа кедергі келтіріп жатыр.
Құтқарушылардың өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқанын айта кеткен абзал. Олардың қатарын Астана қаласынан келген мамандар толықтырды. Кинологиялық топтар жұмысқа кірісті. Құтқару жұмыстарына барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылған. Майқайыңға ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев келді. Полиция, жедел жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері тапжылмастан апат болған жерде жұмыс істеуде.