Оралдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Орал қаласындағы жарылыстан зардап шегіп, жансақтау бөліміне жатқызылғандардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Барлығына да шокқа қарсы ем шаралары жүргізіліп, рентген және ультрадыбыстық зерттеу жасалды. Төртеуі де түрлі дәрежедегі күйік алғандықтан, хирургиялық өңдеу жасалды. Науқастардың бүгінгі жай-күйін дәрігерлер осылай бағалап отыр. Еске сала кетсек, алдыңғы күні түнде Орал қаласында дәмханада жарылыс болып, 3 адам қаза тауып, 6 адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген болатын. Оның біреуі амбулаториялық емделуге жолданса, біреуі жарақат бөліміне жатқызылыпты.
Диас Жайлаубайұлы, Орал қалалық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары:
-Қазіргі таңда реанимациядағы науқастардың жағдайы өте ауыр. Бірақ емнің арқасында естері анық, демалулары өздігінен. Гемдинамикасы қалыпты. Шокқа қарсы терапия жалғасуда. Күйіктен кейінгі кезеңде бірінші, екінші, үшінші, тіпті бір аптаға дейін жалпы жағдайды айту әлі ерте. Өйткені алдағы уақытта күйіктің әсерінен жедел бүйрек жетіспеушілігі, жедел бауыр жетіспеушілігі дамып кетуі мүмкін