«Майқайыңалтын» АҚ кенішіндегі оқиға тергеліп жатыр
Павлодар облысының полиция қызметі «Майқайыңалтын» АҚ кенішіндегі оқиғаны тергеуге кірісті, деп хабарлайды 24KZ.
2 немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соқтырған тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Рашат Өтеуов, Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Павлодар облысының полициясы ҚР ҚК 277-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тәжірибелі тергеушілер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.